"Мектебім-мейірім мекені"
Әл-Фараби атындағы 145 мектеп-гимназиясында «Мектебім — мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты кеші өтті. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналар жаңа оқу жылын үлкен қуанышпен қарсы алды. Кеш барысында мектеп өмірінің маңызды сәттері еске түсіріліп, жас түлектерге сәттілік тілектер айтылды. Білім жолындағы жаңа белестерді бағындыруға дайынбыз!